Педагог-психологтарына арналған «Қауіпсіздік сабағын» өткізді

5 желтоқсан күні ПҚО психологтары бірінші сынып оқушыларының қатысуымен №98 МЛ базасында «Алматы» ауданының педагог-психологтарына арналған «Қауіпсіздік сабағын» өткізді. Сабаққа 50 оқушы, 13 мектеп психологы қатысты.

Орталық психологтары балаларға қауіпсіздік негіздерін үйрету мақсатында түрлі ойындар мен жаттығулар ұйымдастырды. Балалар әр тапсырманы қызығушылықпен орындады, оларға жол ережелері, көшедегі қауіпсіздік және бейтаныс адамдармен өздерін қалай ұстау керектігі туралы маңызды ақпарат берілді.

Шеберлік-сабағы соңында психологтар өздерінің білім қоржындарын «Қауіпсіздік сабағы» материалдарымен толықтырды.

Поделитесь с друзьями

Обновления рассылки

Подпишитесь на нашу рассылку, введя свой адрес электропочты

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *