Рубрика ОРТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Профилактикалық жұмыс алгоритмін талқылау

Білім басқармасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аутодеструктивті мінез-құлқы бар балаларды ерте анықтау және оларға көмек көрсетуге бағытталған №170 бірлескен бұйрығы аясындағы іс-қимыл алгоритмін талқылауға арналған жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің мамандары, тәжірибелі сарапшылар, сондай-ақ мектептердің практик-психологтары…

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2026 жылғы 8 қаңтарда «Психологиялық қолдау орталығы» базасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ПҚО мен «Q-Arts production» сапалы балалар және отбасылық медиаконтентті дамыту және ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Аталған медиаконтент жасөспірімдерге психологиялық ағарту жүргізуге және ата-аналар қауымдастығына арналған.Ынтымақтастық…

Интервизия — педагог-психологтарды кәсіби қолдаудың бір түрі

ПҚО базасында әдістемелік бөлім әдіскерлерінің ұйымдастыруымен қалалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған семинар өтті. 6 қаңтарда ұйымдастырылған іс-шара «Интервизия. Әріптестердің өзара кәсіби қолдауы және педагогикалық қиын жағдайларды талдау» тақырыбына арналды. Семинар барысында педагог-психологтар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, кездесетін қиын педагогикалық жағдайларды…

ПҚО психологтері «Зерде» лицейінде семинар-тренинг өткізді

30 желтоқсанда ПҚО психологтері әдістемелік қолдау көрсету аясында №9 «Зерде» мамандандырылған лицей педагогтеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша педагогтердің іс-әрекет алгоритмдері ұсынылды. Педагогтер үшін балалармен және ата-аналармен жұмыс барысында қолдануға қажетті психологиялық тренинг элементтері мен…

«Бейнетаныстырылым» қалалық конкурсының қорытындысы

29 желтоқсанда «Психологиялық қолдау орталығы» ұйымдастырған психологтерге арналған «Бейнетаныстырылым» қалалық конкурсының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: Гран-при -Ташубаева Самал Алсейтқызы, №3 МГ. I орын -Княз Бакнур Қалдыбайқызы, Кемпербай Айгерім Нұрғалиқызы, №64 МЛ; -Шарип…

«Болашақ психолог мектебі»

24 Желтоқсанда «Психологиялық қолдау орталығы» №91 МГ бірлесіп «Болашақ психолог мектебі» жобасын іске қосты. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы және ПҚО басшысы Гүлмира Қадырбайқызы Қапанова жобаны іске асырудың бірлескен жоспарын бекітті. Жоба пилоттық режимде №91 МГ психологиялық-педагогикалық теңестіру қызметінің базасында…

Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі бойынша семинар

22 желтоқсан ПҚО базасында Астана қаласындағы колледж басшыларына арналған «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шара «Білім беру ұйымдарында суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау алгоритмі бойынша бірлескен жұмыс» бағыты, №170 бұйрық аясында өтті. Семинарға 19 колледж…

Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі

19 желтоқсан №60 МЛ базасында ПҚО әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Сарыарқа» ауданының жалпы білім беретін мектеп директорларына «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбында кезекті оқыту семинары өтті. Семинарға барлығы 32 мектеп директоры қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелерінде…

Қалалық семинар: психологиялық қызметтің қорытындылары мен даму бағыттары

29 желтоқсанда Білім басқармасының тапсырмасына сәйкес ПҚО әдіскерлері тарапынан №115 мектеп базасында «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызмет қорытындылары және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың даму перспективалары» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға білім беру ұйымдарының 245 педагог-психологы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының 19 психологы қатысты.…

Мектеп басшыларына арналған психологиялық көмек алгоритмі

«Психологиялық қолдау орталығы» базасында 8 желтоқсан күні «Байқоңыр» ауданының мектеп директорларына арналған «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбындағы кезекті оқыту семинары өтті. Іс-шараға 17 мектеп директоры қатысты. Семинар балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелерінде басшылардың құзыреттілігін арттыруға және бірыңғай іс-әрекет алгоритмін…