Рубрика ОРТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Әдістемелік десант

30 қаңтар «Әдістемелік десант» іс-шарасы аясында кезекті әдістемелік көмек №59 МЛ көрсетілді.8-11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық акция ұйымдастырылып, оқушыларға психологиялық көмектің қолжетімді түрлері мен қолдау алу мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараға барлығы 1038 оқушы және 70 педагог қатысты. ППСҚ педагогтарына ҚОЖ балаларды…

ПҚО-дан әдістемелік десант

29 қаңтар күні «Психологиялық қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес «Әдістемелік десант» жұмысы басталды. Алғашқы әдістемелік көмек №54 мектеп-лицей базасында көрсетілді. Қамтылғандар саны — 715 оқушы, 160 педагог.ПҚО психологтері 8,9,10,11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық акция өткізіп, психологиялық қолдау алу мүмкіндіктері туралы…

Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ

29 қаңтар күні №52 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ» тақырыбында ата-аналарға арналған форум өтті. Іс-шараға «Психологиялық қолдау орталығының» психологы қатысып, ата-аналарды орталықтың қызметімен таныстырды.Форумға 205 ата-ана қатысты. Кездесу барысында ата-аналарға балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің қолжетімділігі және ата-аналарға арналған педагогикалық…

«Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау»

28 қаңтар «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында «Психологиялық қолдау орталығы» Байқоңыр ауданының прокуратурасымен бірлесіп, Білім басқармасының қолдауымен жоғары сынып оқушыларына арналған «Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау»  тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ерте кәсіптік…

Депутаттардың орталыққа сапары

27 қаңтар күні депутаттар «Психологиялық қолдау орталығына» барып, оның жұмыс бағыттары мен нәтижелерімен танысты. Кездесу Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесуді Білім басқармасының басшысы Қ.С. Сынғазиев өткізді. Сапар барысында депутаттар Орталықтың қызметімен танытып, оның жұмысын одан әрі жақсартуға қолдау көрсетуге дайын…

Әлеуметтік педагогтерге әдістемелік көмек

27 қаңтар күні Астана қаласында Психологиялық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ПҚО базасында Орталық әдіскерлерінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға арналған қалалық семинар өтті. Іс-шараға 10 жас әлеуметтік педагог қатысты. Семинар барысында қатысушылар мектептегі буллинг пен кибербуллингтің…

Жас мамандарға әдістемелік көмек

2026 жылғы 23 қаңтарда «Психологиялық қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес №96 МЛ базасында Орталықтың әдіскерлері мен психологтары қалалық семинар өткізді. Семинар жас педагог-психологтарға арналды және жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталды.Іс-шара барысында мамандар буллингтің түрлері, оның психологиялық салдары,…

Болашақ психологтарды оқыту

22 қаңтар №91 МГ «Болашақ психологтар мектебі» жобасына қатысушы оқушылармен ПҚО психологтарының кездесуі өтті. Іс-шара мектеп психологы А.О. Омирова­мен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылармен танысу жүргізіліп, психолог мамандығы туралы кіріспе дәріс оқылды, сондай-ақ психологиялық көмектің маңызы, оның қазіргі қоғамдағы рөлі…

Ата-аналар жиналысы

19 қаңтарда №52 МГ базасында ата-аналар жиналысы өтті, оған 300 ата-ана қатысты. Іс-шара барысында Білім басқармасының мамандары, «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары және құқық қорғау органдарының өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі. ПҚО психологы ата-аналар тұрғысынан балаларға психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы…

Педагогтермен жұмыс

19 қаңтарда ПҚО психологтары №2 Өнер мектебінің педагогтеріне арналған семинар өткізді. Іс-шараға 42 педагог қатысты. Кездесу барысында психологтарПҚО қызметінің бағыттары туралы ақпарат ұсынып, кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша ұсынымдар берді, сондай-ақ балаларға педагогтер тарапынан көрсетілетін қолдаудың…