Book Appointment Now

Астанада өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған тренинг
19 маусым күні «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» базасында балалардың әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларын дамытуға бағытталған коммуникациялық тренинг өтті. Іс-шараны ПҚО психологтары ұйымдастырды. Тренингке мектепке дейінгі және ересек топтағы 24 бала қатысты. Қатысушылар топтық ойындар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысып, бір-бірімен сенім мен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.
Балалар арт-терапия және бірлескен шығармашылық жаттығулар арқылы өз сезімдерін ашық білдіріп, пікір алмасу, тыңдай білу, қолдау көрсету секілді маңызды әлеуметтік дағдыларды меңгерді. Ойын арқылы олар бір-біріне жақындай түсіп, шынайы достық пен мейірімділікке алғашқы қадамдар жасады. Орталық мамандарының айтуынша, мұндай тренингтер балалардың ішкі сенімін нығайтып, эмоционалдық тұрақтылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
