Book Appointment Now

«Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау»
- On
- InGuide
28 қаңтар «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында «Психологиялық қолдау орталығы» Байқоңыр ауданының прокуратурасымен бірлесіп, Білім басқармасының қолдауымен жоғары сынып оқушыларына арналған «Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ерте кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ өз болашағына қатысты өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауда жауапты әрі саналы көзқарас қалыптастыру болды. Кездесу барысында жеке мотивацияны нығайтуға және өз болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында «Q-Arts Production» продюсерлік үйі қатарластарына арнап жасөспірімдердің өздері түсірген «Әнші» атты фильмді көрсетті. Фильм позитивті бағдар қалыптастыруға, өзін-өзі көрсетуге және өмірлік жолды саналы түрде таңдауға үндейді.
Іс-шараға №91 МГ оқушылары мен «Болашақ психолог мектебі» жобасының қатысушылары қатысты. Спикерлер оқушылармен құқықтық жауапкершілік, жеке таңдау, өмірлік құндылықтар және табысты болашақты қалыптастырудағы психологиялық тұрақтылықтың рөлі туралы пікір алмасты. Кездесуге 400 жоғары сынып оқушылары қатысты.
Обновления рассылки
Подпишитесь на нашу рассылку, введя свой адрес электропочты


