Book Appointment Now
Әлеуметтік педагогтерге әдістемелік көмек
27 қаңтар күні Астана қаласында Психологиялық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ПҚО базасында Орталық әдіскерлерінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға арналған қалалық семинар өтті.
Іс-шараға 10 жас әлеуметтік педагог қатысты. Семинар барысында қатысушылар мектептегі буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдарымен танысып, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтың рөлі туралы ақпарат алды. Сонымен қатар әлеуметтік педагогтардың жұмысына тоқталып, олардың не жасау керектігі мен мектептегі негізгі міндеттері кеңінен талқыланды.
Семинар аясында буллингтің пайда болу себептері, агрессордың психологиялық ерекшеліктері, алдын алу әдістері және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ оқушылармен, ата-аналармен және педагогтермен тиімді жұмыс жүргізу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
