Жас мамандарға әдістемелік көмек

2026 жылғы 23 қаңтарда «Психологиялық қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес №96 МЛ базасында Орталықтың әдіскерлері мен психологтары қалалық семинар өткізді. Семинар жас педагог-психологтарға арналды және жасөспірімдер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталды.
Іс-шара барысында мамандар буллингтің түрлері, оның психологиялық салдары, сондай-ақ кибербуллинг мәселесінің өзектілігі туралы теориялық және практикалық ақпараттармен бөлісті. Қатысушыларға нақты жағдайлармен жұмыс істеу әдістері, алдын алу жолдары және психологиялық қолдау көрсету тәсілдері ұсынылды.
Семинарға мектептердің 29 жас психологы қатысты. Жас мамандар тақырып аясында туындаған сұрақтарын қойып, ПҚО әдіскерлерінен жауаптар алды. Семинар жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға және мектептерде қауіпсіз психологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталды.

Поделитесь с друзьями

Обновления рассылки

Подпишитесь на нашу рассылку, введя свой адрес электропочты

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *