ПҚО-дан әдістемелік десант

29 қаңтар күні «Психологиялық қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес «Әдістемелік десант» жұмысы басталды. Алғашқы әдістемелік көмек №54 мектеп-лицей базасында көрсетілді. Қамтылғандар саны — 715 оқушы, 160 педагог.
ПҚО психологтері 8,9,10,11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық акция өткізіп, психологиялық қолдау алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектептің ППҚП ҚӨЖ балалармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. «Әдістемелік десант» жоспарына сәйкес педагогикалық ұжымға кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында оқыту ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мектеп ұжымы ПҚО әдіскерлері мен психологтеріне алғыс білдірді

Поделитесь с друзьями

Обновления рассылки

Подпишитесь на нашу рассылку, введя свой адрес электропочты