Book Appointment Now

Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ
29 қаңтар күні №52 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ» тақырыбында ата-аналарға арналған форум өтті. Іс-шараға «Психологиялық қолдау орталығының» психологы қатысып, ата-аналарды орталықтың қызметімен таныстырды.
Форумға 205 ата-ана қатысты. Кездесу барысында ата-аналарға балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің қолжетімділігі және ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.


