«Қауіпсіздік сабағы» №84 мектеп-лицейі

19 қыркүйек күні «Психологиялық қолдауы орталығының» психологтары ұйымдастырған кезекті «Қауіпсіздік сабағы» №84 мектеп-лицейінің бірінші сынып оқушыларына арналды, барлығы 85 оқушы қатысты.

 Оқушыларға өмірде кездесетін түрлі қауіпті жағдайларды ПҚО психологтары шағын көрініс ретінде көрсетіп, балалармен  сұрақ-жауап алмасты. Сонымен қатар, оқушыларға достық, көмек, жауапкершілік туралы мультфильмдер көрсетіліп, ойындар өткізілді.  Балалар әр ойынға топқа бөлініп, белсене қатысты.

Сынып жетекшілері орталық психологтарына үлкен алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта орталық ұйымдастыратын өзге де тақырыптағы сабақтар болса міндетті түрде белсене қатысатындарын айтып өтті.

Поделитесь с друзьями

Обновления рассылки

Подпишитесь на нашу рассылку, введя свой адрес электропочты

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *