Book Appointment Now
Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ
Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарды әдістемелік қолдауды ұйымдастыру, психологтардың жұмысын үйлестіру (күндізгі консультациялар және сенім телефоны) сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың, ата-аналардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту олардың психологиялық құзыреттілік деңгейін арттыру
Біз кіммен жұмыс жасаймыз?
Адамға кейде көп нәрсе қажет емес — бір жылы сөз бен созылған көмек қолы жеткілікті.
Ата-аналармен
Баламен қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, оны түсіну және қолдау, қолайлы өмір сүру кеңістігін құру.
Ұстаздармен
Білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін жетілдіру және кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру
Балалармен және жасөспірімдермен
Психологиялық әл-ауқатты жақсарту, олар кәсіби қолдау ала алатын, өздерімен және басқалармен үйлесімді өмір сүруді үйренетін, өмірдегі қиындықтарды өз бетінше шеше алатын қауіпсіз және қамқор ортаны қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда қанша жұмыс атқарылды?
Біздің орталық – адамдарға үміт пен қолдау сыйлайтын сенімді орын. Күн сайын мамандарымыз жаңа жобаларды жүзеге асырып, көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Бізге келіп түскен әрбір қоңырау – бір адамның сенімі мен үміті. Сол сенімді ақтау үшін біз әрдайым жанымызбен көмектесуге дайынбыз. Біздің мақсатымыз – әр адамға дұрыс бағыт көрсетіп, олардың өмірінде оң өзгерістер жасау.
Біздің жасаған жұмыстар
Біз қоғам үшін маңызды түрлі іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, көптеген игі істерді жүзеге асырып келеміз. Бұл бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, себебі біздің миссиямыз – әрбір жанға қолдау көрсетіп, көмек қолын созу.

Қ. К. Тоқаев
Білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен қорқыту құрбандарына көмек көрсетудің ықпалды бағдарламасын әзірлеу талап етіледі…
Капанова Гүлмира Қадырбайқызы
Орталық басшысы
Капанова Гүлмира Қадырбайқызы – психологиялық қолдау саласында тәжірибесі мол білікті маман және орталықтың басшысы. Ол педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, олардың кәсіби қызметін үйлестіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді.
Гүлмира Қадырбайқызының жетекшілігімен орталықта түрлі психологиялық жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылып, білім алушылардың, педагогтардың және ата-аналардың психологиялық әл-ауқатын сақтау мен нығайтуға бағытталған жұмыстар атқарылуда.
Хабарландыру
Жақын арада орталығымызда «Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ» атты жоба жүзеге асырылатын болады. Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру, балалардың, ата-аналардың және педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайту.
Жоба аясында түрлі кездесулер, вебинарлар, кеңес беру жұмыстары және түсіндіру шаралары ұйымдастырылады. Барлық қатысушыларды жобаға белсенді қатысуға шақырамыз.